Текст
2024 жылдың 27 ақпанында Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Бинарлы сабақ» пәнаралық байланыс және оқыту процесіндегі трансформация тақырыбында семинар өтті. Оған Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры М.Нургалиева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.Кунглимжайев, А.Абдугалиева қатысып, тәжірбие алмасты. Семинардың мақсаты: білім мазмұнының жаңаруымен қатар, пәнаралық байланыстың тиімділігін арттыру.
Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын оның тұлғалы қкөзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру.