"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылар шығармашылығы — өнер жемісі

20.05.2026

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.Т. Жуманбаева 2025–2026 оқу жылында оқушылардың сабақ барысында жасаған шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырды. Көрмеде оқушылардың қиялы мен шығармашылық қабілеттері кеңінен көрініс тапқан түрлі қолөнер, сәндік бұйымдар және көркем жұмыстар қойылды. Әрбір жұмыс ұқыптылықпен, эстетикалық талғаммен және ерекше шеберлікпен орындалған.

Оқушылардың жұмыстары өте тартымды, мазмұнды әрі қызықты жасалғанын көруге болады. Түрлі түстердің үйлесімділігі, тың идеялар мен заманауи безендіру тәсілдері көрменің сәнін келтірді. Бұл көрме оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық ізденістерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің қабілеттерін көрсетіп, еңбектерінің нәтижесін көпшілікке таныстыра алды.

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст