Құрметті ата-аналар!
Коронвирус пандемиясына байланысты, барлығымыз оңай емес жағдайда қалдық. Біз үшін оқушылардың білім алуын жоғалтып алмай, сонымен бірге оларды шаршатпай, психологиялық қалыпты және позитивті көңіл-күйлерін сақтау маңызды болмақ.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қашықтықтан сапалы оқытуды барлық қажет деп табылған мүмкіндіктерін қолданып ұйымдастыруда. Жауапкершіліктің көп бөлігі сіздерде яғни, ата-аналарда екенін түсінеміз. Кез- келген сұрақ бойынша сынып жетекшіңізге тікелей хабарласып немесе сынып чатына жазуыңызға болатынын ескертеміз. Қажеттілік болған жағдайда, мұғалімдердің кеңесі ұйымдастырылады.
Сонымен бірге мектептің электронды поштасына maksimovka9@mail.ru. сағат 8.30-дан 18:00-ге дейін сенбі, жексенбіден басқа күндері жазбаша түрде мектеп әкімшілігінен кеңес алуға болады