Мектепте оқушының қызығушылығын ояту арқылы әр мұғалім дарынды оқушыға жетістікке жетуге, өз жолын табуға, оны ғылымға жетелейтін қабілеттерін ашуға көмектесуі керек деп айтуға болады. Мұғалім әр оқушыны оқытып қана қоймай, олардың жеке қабілеттеріне де мән береді. Дарынды оқушылармен жұмыс істейді. Осындай оқушылардың бірі-Байжан Ләйлінұр, 9 "А" сынып оқушысы. Ол сабақта жақсы оқиды, мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысады. Жалпы, еңбекқор, ынталы, тәртіпті оқушы. Жақында аудандық "Пушкин оқулары" байқауына қатысып, І орынды иеленді. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А. Жанглышеваның жетекшілігімен А. С. Пушкиннің шығармашылығымен танысып, оның 20 өлеңін жаттап алды. Лейлінұр болашақта басқа іс-шаралар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады деп үміттенеміз.