"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Максимовка ауылының қысқаша

Максимовка ауылы (14желтоқсан  2018 ж бастап Арайлы ауылы), қарт Есіл өзенінің оң жағалауында, Астанадан 32 шақырым Астрахан тас жолында, Ақмол аудан орталығынан Солтүстікте  26 шақырымда орналасқан Ақмола облысы, Целиноград ауданы Арайлы бұрынғы Максимовка ауылдық округінің орталығы. 

Ауыл 90 жылдарының екінші жартысында бірінші шаруашылары көшін қоныстаған. Бір кездерде бұл жерде біркелі сарғайған теректер мен жазық дала болған. Сондықтан бұл жерді «Сары терек» деп атаған.  Ақсақалдардың айтуы бойынша бұл жерде екі отбасы ғана тұрған, олар Жилкибаевтар (ауылдын бас жағы Астанаға қарай), Карабековтар (жаңа ауылдың басқа жағы шошқа ферма ауданы). Сондай- ақ өзеннің топырақ шығаратын карьер жағында Абдрахмановтар отбасы тұрды деген мәліметтер бар. Осы отбасылардың ұрпағы осы ауылда қәзірге кезге дейін өмір сүріп келеді.

19 ғасырдың аяқ жағында осы өлкеде жер аударылған орыс Максимов келген. Ол ауыл орталығында ең бірінші болып үй салған. Содан бұл ауыл Максимовка деп аталған.

  Столыпин реформасына байланысты Қазақстан жеріне жаппай қоныс аударылған шаруалардан құрылды. Алғашқылары болып келесі отбасылар келді: Неживих Ульян, Мирзякины( 3 ағайынды), Стоногиндар(Назар мен 3 ұлы: Максим,Степан,Василий), Иващенко Василий мен Семен, Яицкилер, Слепневалар,Нижниктер,Великодний, Рябченко, Гробовцов,Миньков, Ольховченко, Радуманов, Кривошеев, Горбченко(Михайл, Василий,Роман), Сироткин, марков, Щербаков, Гедз (Степан,Фома), Бескаравайный,Авраменко(3 ағайынды), Праскун, Ситник,Подплетение,Зинченко, Чучковы, Карпишиндар (үш ағайындар),Кравченко ( 2 ағайынды Михаил,Яков әкесімен),Дробот Фадей, Гволтовтар, Григорьевтер,Науменколар,Краснов Ерофей, Гусев, Майбога,Леонов,Основин, Лавренюк, Гуляр, Онищенко,Данчин (қызы Дарья Нижник), Богомоловы. Осылай ауыл құрылды.

 Кейінірек ауқатты шаруа Ф.Марков жел диірменін тұрғызып, кейін оның ұлы Сергейге және немерелеріне мұрагерлікке қалдырылып отырылған. Соңғы 1917ж қазан төнкерісінен кейін бұл дейірменді шаруашылық көпес Иосиф Скорнякқа сатқан.  Кеңес үкіметі конфискалап жаңа қожайының жолы болмады, барлығын түгелдей Авраменко Федор үлесіне және Константин Параскун тиісілі дирменді де конфискалады

Сол кездегі ең бай Максимовка ауылындағы Неживых Улбян болған. Ол саудамен айналасып, көптеген дүкендері болған. Оның үйі қазіргі Подгребельный отбасының тұратын жерде орналасқан. 1938 жылы бастауыш сынып жеті жылдық мектебі орны болған.

ХХ ғасырдың басында өндірісші Курочкин ауылдан 7 шақырым жерден көмір шахтасын ашқан(қазіргі Фарфоровый заводының орны).Бұны ағылшын фермасы басқарған, Курочкин одан жақсы кіріс алған. Бұның барлығы арта қалған оқиға.

Кеңес үкіметі келуіне байланысты тұрғылықты халық репресияны күтпей,үйлерін бұзып Акмолинскаға қарай көшті.

1929ж Максимовкаауылындаколлективтендіру күз айында басталды. Сондағы екі артель және коммуна (кейін машдвор болған) «Казкрайком» деген колхоз, кейін атауы өзгеріп «Хрущев атындағы», одан кейін «Рассвет» деп аталған. Москвадан келген жолдас Грачев деген председатель болды. Содан кейін Ковалев , Несмеянов,Голубев, Параскун, Семенюк,Ситник Петр Григорьевич, Миньков Иван Степановичтер т.б.

 1932-1933ж Қаратұмар комунасы құлап, содан соң жарты мүшесі Максимовкаға көшіп келген. Бұл мына отбасылар: Данчиных, Шевченко, Рубцовалар, Шеховцовалар, Прокопцовалар, Шевцовалар.

 Колхозда жер көп болды. Жер жыртылып, егін егіп, бақша отырғызылу мәдениеті жүргізілді. Колхоздың суармалы бақшасы болды. Колхозшылар мал шаруашылығымен айналысты. Сиыр, жылқы, қой, ірі малдаар ұстады.  1935 жылы қойдын басы 5500-ге жетті. 1931ж бір ғана трактор болған, ал 1932ж -4  трактор болды (ХТЗ, ОТЗ, ЧТЗ).

Суармалы бригадасының және трактордың бригадирі Денисенко Ефим боллды, ал 1934 ж тракторшылар бригадирінің бригадирі Краснов Иван болды. Сол кездегі тракторлашылар Кисилев, Гуляр Иван, Сычев Василий, Шевцов Аликсей, Белгадарев Иосиф, Кушурбаев Рахим (село Буденовка, қазіргі Қажымұқан ауылы).

Неживых Улянаның бұрынғы үйінде ауылдағы бастауыш мектеп өз қызметін атқарды, кейін ол ұжымдастыруға дейін үйін сатып жіберді.

  Бай шонжар Нагорняктың үйінде ауылдық кеңес пен колхоздың басқару орталығы орналасты. Кеңес үкіметінің билігі Максимовка ауылдық кеңесі арқылы жүргізіліп отырды. Оның бірінші төрағасы болып ұзақ жылдар бойы қоныс аударушы коммунар Шевченко Степан  Алексеевич (1946 жылға дейін, өмірінің сонына дейін),кейін Радуманов, Шпаков, Майбога, Абдрахмановтар және т.б. атқарды. Сонымен қатар ауылды байдың үйінде почта болды.

 1939 жылы колхоздың басқару орталығының жаңа ғимараты салынды. 1939 жылы ауылды жеті жылдық- мектеп құрылуына байланысты салынған басқару орталығының ғимаратын мектепке берілді. 

 1929-30ж.ж. Максимовка тұрғындары мен жақын манда орналасқан ауылдар біріктіру (ауылдық тұтынушы қоғам), қысқаша сельпо құрды. Ол жергілікті тұрғындарды азық түлікпен, киіммен, аяқ киім және т.б. тауармен қамтамасыз етті.

Копперативтік магазиндер ашылып қант, сірінке,шыт сатылды.

      Жарнашылар жыл сайынғы отырысында басқарманы сайлап, сосын кеңестің төрағасын сайлады. Миньков И.С., Кравченко Я.И, Карпышин Д.И., Шестаков Г.Л., Шевченко О.С., Орусский Д.А., Морозова В.С. әр жылдары сайланып отырды.

  1936 ж  Украинадан 40 отбасы поляктар мен украиндар  Қазақстанға жер аударылып, бөлу кезінде Акмолинск қаласынан Максимовкаға ауылына жеткізілді. Оларды жергілікті тұрғындардың қарамағына қоныстандырып, әрбір отбасында  екі немесе бір бөлмелі пәтерлері ғана болған .Кейбіреулері Кенжебай,Орапай, Коктомары  үйлерінде жалдап тұрды.

 Осы уақытқа дейін Максимовка аумағын жеке меншік сектордағы колхоздың өнімдерін өндейтін сүтзаводы жұмыс жасады. Оның директорлары болып Бобров, Гуров, Бурлаков, Шевченко Ольга Степановна, Аканов А.А., Саблин Б.П., Морзокова Л.В.  тағайындалды.  Ол ғимарат Заводской көшесіндегі қазіргі Панасюк отбасы тұратын үйінде орналасқан.  Кейінірек жаңа ғимарат салынады (қазіргі қолданыстағы сүтзаводының ғимараты).

1938ж жемісті жыл болды, бірақ тағыда бір ауыртпалық туындап, сталиннің қуғын- сүргін жылдары басталады. Түнде комендант келіп, жанына тағы екі адам ерітіп ер азаматтарды алып кетіп отырды, сол себепті көптеген отбасылар асыраушыларсыз қалды. Осындай отбасылар қатарына Орусскийлар, Савицкилер, Санкевичтар жатады.  

1941жылға дейін максимовка ауылының тұрғындары жақсы өмір сүре бастады. Соғыс басталды. Барлық ер азаматтар жасына, денсаулығына  сай соғыс майданына әскерге шақырылды. 1942 жылы төреға Ситник П. ұлы Василимен майданға аттанып, қайта оралмады. Осы жылдары колхоз төрағасы Иващенко Василий Васильевич тағайындалды. Еңбек армиясына поляктар, немістер, украиндықтар жұмылдырылды. Ал ауылдың тұрғылықты тұрғындары өз орындарында еңбектенді. Еңбек тылдағы жеңісті жақындатты. Бидай өсірді,мал шаруашылық өнімдерін өндірді.  Жылқыбаев Абылқас ұлы Торғаймен Қорғалжын даласында жылқы бағып, майданға жіберген.Осы еңбегі үшін он екі жастағы Торғайға «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін»  медалімен марапатталып,Сталиннін қолы қойылған тізімге кірді. Соғыстан қаралы қаралы хабарлар келіп, 50 шақты адамға майдан шебінде қаза болды деген. Колхоздың ЗИС-5 мәшинасымен Яицкий Петр Александрович майданға атанады және майданнан аман келіп, ұзақ жылдар бойы машинасымен еңбек етті. 1941жылы алғашқы  балабақша ашылды. Меңгерушісі болып Гуляр –Санкевич Евдокия тағайындалды. Ол Бланк үйінде орналасты, қазіргі танда ол үйде Чучкова Оксана тұрады.

Бесінші төрағасы қызметіне Миньков Иван Степанович тағайындалды. Барлық соғыс жылдары төраға қызметін атқарды.  1942жылы оңтүстіктен немістер көшіріліп әкеледі. Бұл отбасылыр Марталер,  Фриц, Фридрих,Рухтар еді. 1944 жылы наурыз айында шешендер жер аударылады. Келесі совхоз төрағасы болып Кравченко Михаил Иосифович болды, ол азамат соғысы кезінде В.И.Ленинің қабылдауында болған. Кравченкодан кейін Семенюк Евсафий қайтып оралды. 1952 жылы Беседин Иван Павлович оны ауыстырды.  1953ж оны ауыстыруға чистаков келді, одан кейін Скачков отырды.

   1954 жылы тың жерлерді  игеру басталды. Колхозды теміржолшы Сиртокин Григорий  Михайлович басқарды. Көп отбасылар Белоруссиядан келді: Синютичтер, Матюхт, Макарушко, Курган,  Дятловский, Хирнылар  және Оралдан Калугиндер, Ивлевтер, Некурящилер, Фаладиндер көшіп келді. Көшіп келгендерге Коптомар бригадасында баспана тұрғызылды. Сироткин Георгия Михайлович басшылығымен жаңа мектеп салынды. Одан кейін Сироткинді Куршаков ауыстырды.

     1961 жылы «Рассвет» колхозы  «Рассвет» совхозы болып ацыстырылды.  Бірінші директор Куц Иван Федорович болды. Бұл совхозға Максимовка, Төңкеріс, Губернаторовка, Семеновка кірді. Құрылыс жоспарланып, тұрғындарға баспана тұрғызылды. Куц Иван Федоровичтен кейін совхозды Баксин Симбай Кенжегулович басқарды, бас агроном Абдулла Хасенутдинович Абдрашитов болды. Совхоз байи түсті. Мектеп директоры Шевченко Григорий Степановичтің өтініш етуімен сегіз жылдық мектеп салынып, 1962 жылы орта мектеп болды. Ескі ғимарат мектеп интернаты болды да, оған Губернаторовкадан балаларды қоныстандырды.  Директордың өзі партия ұйымының секретары болды. Ол кісі Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыста жарақан алған, үздік қызметкер, 19  жыл Максимовка орта мектебінде жұмыс істеді. Максимовкада тұрғындардың саны өсе бастады және 1965 жылы екі қабатты мектеп тұрғызылды. 1964 жылы совхоз директоры Прослав Иван Павлович тағайындалды. 1966 жылы Максимовка ауылының бұрынғы мекеп ғимаратында аймақтық аурухана ашылды. Кейін, Бергенова Алма Сатыбалдықызының бастамасы бойынша жаңа төрт қабатты аурухана салынды.

    Прослов И.П. кейінірек Коверов Николай Моисеевич ауыстырды. Ол ауылды жылқы өсіру қожалығын ашты.

1978 жылы совхоз басшысы болып Герт Николай Павлович келді. Ол совхоз басшылығының бірігуіне көп көңіл бөлді. Көзінің тірісінде көлік гаражы, контор және Максимовка, Семеновка, Төнкеріс ауылдарында жас отбасыларға арнап тұрғын үйлер салынған. Сонымен қатар абаттандыруға  көп көңіл бөлген.

    1982жылы онын орнына Казеко Юрий Евгеньевич тағайындалды.Ал одан кейін 1988жылы Шоповалов Владимир Алексеевич келді. Ол ауыл үшін көп еңбек сіңірді. Үйлер саңырауқұлақтар сияқты өсті, дүкендер және наубайханалар тұрғызып, үш ауылға жол салды.

    Совет үкіметі ыдырады. Қазақстан 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Республика экономикалық және саяси дағдарыс кезенінде өмір сүрді.1992 жылдан бастап жекешелендіру үдерісі басталады.

1994 жылы совхоз директоры болып Тимофеев Алексей Васильевич келді, кейін 1996 жылдан бастап Руденко Александр Иванович кезінде совхоз бытырап кетті. 

Жаңартылған күні: 26.04.2019 14:00
Құрылған күні: 12.02.2020 13:22

Текст