"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабира Турсынбековна

«Өнер -таусылмас азық, жұтамас байлық» -деген халық даналығы. Әр халықтың өзіне тән ұлттық өнері болады. Міне сондай ұлттық өнерді ұлықтап жүрген мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі жас маман Жуманбаева Сабира Турсынбековна жайында айтқым келеді. Оқушы жүрегінен ойып орын алған ұстаз әр сабағын түрлендіріп жүргізеді. Сабира Турсынбековнаның жетекшілігімен оқушыларымыздың қол өнерге деген қызығушылығы артуда. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді.  Шәкірттерін өнерге баулыған ұстаздың және шәкірттерінің қолынан шыққан бұйымдар мектеп қабырғаларын да безендіріп тұр. Аудандық, республикалық қолөнер сайыстарына да қатысып, жүлделі орын алған мақтан тұтар оқушыларымыз да бар, бұл да болса ұстаздың еңбегі. Сабира Турсынбековнаның ерекше  өнерге баулып жүрген оқушыларының бірі 8 «А» оқушысы Елемес Дилара «Фелтинг», яғни жүнді арнайы инемен құрғақ басу техникасын жақсы меңгерген. Сабира Турсынбековна мектепте "Шебер қолдар" атты үйірме де жүргізеді. Үйірмеде  орындалатын жұмыстардың бірі де бірегейі «Текстуралық пастамен түрлі картиналар салу» өнерін де оқушылар жақсы үйренген. Өн бойына қолөнердің бірнеше түрі дарыған, тума талант жас маманымыз жайлы мақтана айта аламыз. Сабира Турсынбековнаның оқушыларға бергенінен, берері мол. Ұстазымызға шығармашылық табыстар тілейміз!

                                                         тарих пәнінің мұғалімі Капышова Э.Т.

Жаңартылған күні: 20.02.2024 13:57
Құрылған күні: 20.02.2024 14:06

Текст