"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашақ түлектерге кеңес!

Болашақ түлектерге кеңес!

1️⃣Мамандық таңдау туралы қазірден бастап ойлаңыз 
Өмірде үш маңызды таңдау болса, мамандық таңдау соның бірі. Ол немқұрайлы қарайтын нәрсе емес, ол сіздің жейтін наныңыз, ішер асыңыз. Сондықтан ерте қамданыңыз. 

2️⃣Жүрек қалауыңыз пен ақылды қатар ұстаңыз 
Әрине қанша жерден сұранысы аз мамандық болса да, шын жақсы көріп, өз салаңыздың үздігі болуға болады. Алайда өзіңіз қалап тұрған мамандықтың қазіргі таңдағы, болашақтағы актуалдылығын қарап тексергеніңіз жөн. 

3️⃣Пәнді емес мамандықты таңдаңыз. 
ҰБТ-дан жоғары балл жинаймын деп өзіңізге оңай пән таңдап, бірақ ондағы мамандықтар ұнамай қалып, кейін қатты өкінетін боласыз. Әуелі мамандықты таңдап, соған сай пәнге дайындалыңыз. 

4️⃣Мамандық таңдауға немқұрайлы қарамаңыз. 
Үйдегілердің айтқанымен, грант осыған көп бөлінеді ғой деген оймен кез-келген мамандықты таңдай салмаңыз. Жоғарыда айтқандай, бұл өте маңызды шешім. Сондықтан, дұрыстап ойланып, саралап, профориентологтың немесе мектеп психологының  көмегіне жүгініңіз.

Жаңартылған күні: 08.11.2022 14:21
Құрылған күні: 08.11.2022 14:24

Текст