"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық пәндер олимпиадасының қорытындысы

2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңінің қорытындысы шықты.   Олимпиада күнделікті берілген графикке сәйкес, Қараөткел ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде  жүргізіліп отырды. 
14 ақпанда  10 «Б» сынып оқушысы 17,5 ұпай жинап, ІІІ орынды иеленді, пән мұғалімі Паршакова А.А. 
15 ақпанда  математика пәні бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Исаченко Олег -5 ұпай жинап, грамотамен марапатталса, 10 «А» сынып оқушысы Сабыр Рамазан-5 ұпаймен мадақтама алды. Пән мұғалімдері, Кикимова Г.Р. және Неринг И.В. 
16 ақпан күні география пәнінен 11 «Б» сынып оқушысы Беженарь Валерия 27 ұпаймен ІІ орынды иеленді, пән мұғалімі А.А.Кайрашева. 
17 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Рустемқызы Аяжан 31 ұпаймен мадақтама алды, пән мұғалімі Рзазагиева А.А. 11 «А» сынып оқушысы Амиртаева Нұрасыл, 33 ұпаймен ІІІ орынды иеленді, пән мұғалімі А.В.Ирубаева.
21 ақпанда ағылшын тілі пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Ондасын Алмаз қатысып, 18 ұпаймен қатысқаны үшін марапатталды, пән мұғалімі Беделқызы Ляззат
11 «Б» сынып оқушысы Айтжанова Мадина қатысып, 46 ұпаймен қатысқаны үшін  марапатталды. Пән мұғалімі Жумабекова М.К. 
22 ақпанда 9 «А» сынып оқушысы Момынбаев Жанболат қатысып, 18 ұпаймен грамотамен марапатталды. Пән мұғалімі Капышева Э.Т.  Оқушыларды олимпиаданың аяқтауымен құттықтаймыз. Алдағы оқу жылы  болған кемішіліктерді ескере отырып, төмендегі  жұмыстарды атқарамыз.

2022-2023 оқу жылы болатын пәндер олимпиадасына оқушыларды алдын-ала дайындау;
Пән мұғалімдері сабақты оқушылар үшін тиімді әдістермен өткізу;
Информатика, физика, химия, құқық негіздері, орыс тіліндегі қазақ тілі, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, орыс тілі, өзін-өзі тану пәндерінен оқушыларды  дайындау. 
Мектепішілік пәндер олимпиадасын жиі өткізуді жоспарлау.

 

Жаңартылған күні: 25.02.2022 09:17
Құрылған күні: 25.02.2022 09:17

Текст