"Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің
Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің
2023 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша қызметі туралы есебі
1.Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер. "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Арайлы ауылы, Айбын көшесі 48 Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: - 4 Мемлекеттік қызмет көрсету:
1 |
403003 |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау - 40 |
2 |
403004 |
Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау-2 |
3 |
403015 |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау-35 |
4 |
803005 |
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-0 |
Барлығы 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілді-78
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа стандарттарын қабылдауымен мемлекеттік қызметтер тек мемлекеттік корпорация арқылы ғана емес, "электрондық үкіметтің"веб - порталы арқылы да көрсетілетін болады; 1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру. 2. E-GOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау: 1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат-шағымдар түскен жоқ; 2) көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мектеп қызметінде ішкі бақылау жүргізген бұзушылықтар анықталмаған. 3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері-мониторинг жүргізілді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары: Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында мектеп мақсатты жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2024 жылы ұйымда халықты БАҚ және ресми интернет - ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі медиа – Жоспар бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу - "электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;