Текст
Балалардың кішкентай кезінен бастап, белгілі бір жетістікке жетуді армандауы қалыпты жағдай. Ақерке 8 "А" сыныпта оқиды. Ол химия пәнін оқығаннан бастап-ақ пәнге деген қызығушылығы артып, өз бетінше де ізденіп оқи бастады. Химиялық элементтерді олардың түзілістерін, адам өмірінде де, жалпы табиғатта да осы элементтердің қажеттілігін зерттеуді жақсы көреді. Ақерке химия пәнінен өткен аудандық пәндер олимпиадасына қатысып, ІІІ орынды иеленді. Оны пән бойынша дайындаған мұғалімі Б.М.Қуанышбаева.