Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп.
Мемлекеттік қызметтер тізілімінің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Арайлы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 345, оның ішінде: – қағаз түрінде – 226 – «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 40 – Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Арайлы ауылының «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 21, оның ішінде қағаз түрінде – 0.
2. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – 0.
3. Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 50, оның ішінде қағаз түрінде – 50.
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету – 80.
5. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 1.
6. Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 0, оның ішінде қағаз түрінде – 0.
7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 0, оның ішінде қағаз түрінде – 0.
8. Білім туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді өзектендіру (түзету) – 0, оның ішінде қағаз түрінде – 0.
9. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау – 0, оның ішінде қағаз түрінде – 0.
10. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 0, оның ішінде қағаз түрінде – 0.
11. Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу – 0, оның ішінде қағаз түрінде – 0.
12. Балаларды «10» сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 26, оның ішінде қағаз түрінде – 26.
13. Алыс ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға тегін тасымалдауды және кері қарай үйіне жеткізуді ұсыну – 168, оның ішінде қағаз түрінде – 168. Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»; «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау». Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. Халықты ақпараттандыру мақсатында мектеп сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында мектепте көрнекі ақпараты бар стенд (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылды. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында қағидалар, стандарттар шағымдану тәртібі, Байланыс ақпараты орналастырылған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Мектепте Мемлекеттік қызмет көрсету туралы халықты ақпараттандыру үшін 2024 жыл ішінде әлеуметтік желілерде бірнеше рет тиісті материалдар жарияланды.
Ай сайын «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 13 -не мемлекеттік қызметтердің ішкі мониторингі бойынша жұмыс туралы есеп беріледі. 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының ақпараттық стендін ресімделген. Тиімділік пен қолжетімділік мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Мектепте Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне, сапасына және қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2026 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Арайлы жалпы білім беретін мектебі" КММ бөлімі жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.