20.05.2026
2026 жылдың 20 мамыр күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жас жол инспекторларының (ЖЖИ) аудандық слеті ұйымдастырылып өтуде. Аталған іс-шараға Целиноград ауданының мектебінен келген оқушылар қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салуда.
Слеттің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі байқаулар мен тәжірибелік кезеңдерге қатысып, жол ережелерін білу деңгейін көрсетуде.
Жас жол инспекторлары өздерінің тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын және жауапкершіліктерін танытып, жол қауіпсіздігіне байланысты қойылымдар мен шығармашылық жұмыстарын ұсынуда. Мұндай шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция қызметкерлері мен жол-патрульдік полиция мамандары жұмылдырылған. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлауда. Жетекшісі мектептің тәмігері А.В.Берентке алғыс айтамыз.