"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тоқсандық жиынтық бағалау

Орта білім беру ұйымдарында жиынтық бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 125 бұйрығының 12-31 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамызда № 345 бұйрығына 2-қосымша) 2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалауды (бұдан әрі – ТЖБ) жүргізу 2020 жылдың 28 қазанынан бастап өткізу ұсынылады. 

ТЖБ тапсырмаларын дайындау кезінде пәндер бойынша спецификацияға сүйену керек, себебі балл көрсетіліп берілген. Мұғалім ТЖБ тапсырмаларын өткен материал негізінде өз бетінше құрастырады.

Қашықтан оқыту кезінде тілдік пәндер бойынша ТЖБ жүргізу "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі 135-бұйрығының 29 пункті бойынша жүзеге асырылады. Аталған бұйрықтың 2-қосымшасының 29-тармағы бойынша «тілдік пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалауда айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейді. Бұл ретте жазу және оқу дағдылары үшін ең жоғары балл 15 баллды құрайды. Яғни, жазылым мен оқылым дағдыларын бағалау бойынша баллдарды бөлуді мұғалім өзі реттейді. ТЖБ тапсырмаларын 15 баллға әзірлеу ұсынылады». ТЖБ үшін балл қою кезінде мұғалім электрондық журналда ең жоғары баллды өзі белгілейді, ал жүйе пайыздық қатынаста қорытынды бағаны берілген ең жоғары балл негізінде есептейді. Сондықтан, егер, сынып келіп оқитын(кезекші сыныптарда) балалар тобына және қашықтықтан білім алушыларға бөлінсе, бұл жағдайда бір сыныпқа толық, бірыңғай максималды балл негізіндегі тапсырмалар дайындау ұсынылады.

Тілдік пәндер бойынша толық штаттық режимде оқитын мектептерде № 125 бұйрықтың 18-тармағын негізге алу ұсынылады. Бұл жағдайда тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша жүргізіледі. Тыңдалым және айтылым дағдыларын тексеру жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта бойы сабақтарда өткізіледі.

Педагог үшін келесі ақпаратты білу маңызды:

1.      Педагог білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады және өзі әзірлей алады.

2.      Жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды (17-тармақ №125 бұйрық).

3.      Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады (22-тармақ №125 бұйрық).

4.      Жиынтық бағалауды өткізуге кез келген жұмыс түрін құрал ретінде алуға болады (диктант, бақылау, жоба, эссе, тест және т.б)

Жаңартылған күні: 29.10.2020 10:23
Құрылған күні: 29.10.2020 10:23

Текст