"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық байқаудағы жарқын жетістік

15.05.2026

Экологиялық-өлкетану бағытындағы «Уақыт – байланыстырушы желі» мектептер мен колледждер музейлерінің облыстық байқауында «Музей тарихы» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Жұман Әліби жүлделі І орынға ие болып, келесі кезеңге жолдама алды.

Байқау барысында қатысушы өзінің зерттеу жұмысын жоғары деңгейде таныстырып, музей тарихын насихаттауда ерекше белсенділік көрсетті. Оның шығармашылық ізденісі мен тарихи деректерді жүйелі түрде жеткізе білуі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Сонымен қатар, оқушыны байқауға сапалы дайындап, жетекшілік еткен тарих пәнінің мұғалімі Э.Т. Капышоваға  сертификат табысталды. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқушыларға бағыт-бағдар беруі байқаудағы жоғары нәтижеге қол жеткізуге үлкен ықпал етті.

Байқау қорытындысы бойынша Целиоград ауданынан құралған команда жүлделі ІІІ орынды иеленіп, аудан намысын абыроймен қорғады. Бұл жетістік – ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.

/public/files/2026/5/15/150526_125055_akmola-oblysy-blm-baskarmasynyn-turizm-dene-shynyktyru.pdf

Просмотров: 1149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст