05.06.2026
2026 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «AMANAT» партиясы және серіктес ұйымдардың қолдауымен өткен «EduAI: білім беру ұйымдарына арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер» республикалық педагогикалық хакатонында мектебіміздің мұғалімі Ақтай Томирис Сәкенқызы белсенді қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Хакатон барысында қатысушылар білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану жолдарын талқылап, инновациялық жобалар мен цифрлық шешімдерді ұсынды. Томирис Сәкенқызы заманауи білім беру үдерісіндегі озық тәжірибелерін таныстырып, әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша Томирис Сәкенқызына кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін арнайы сертификат табысталды.
Ұстазымызды жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа белестер тілейміз!
