2024 жылдың 13 ақпанында Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде Математика, информатика, физика пәндері бойынша «Цифрлық әлемге кемел біліммен» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.Оған Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінен математика пәнінің мұғалімі А.Н.Абжанова және информатика пәнінің мұғалімі Г.С.Серикова қатысып, тәжірбие алды.
Семинардың мақсаты жаңа технология элементтерін қолдана отырып,оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын оқып үйренудегі белсенділігін арттыру; Логикалық, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Семинарда математика, информатика, физика пәндерінің мұғалімдері ашық сабақтар мен шебер сыныпта сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер мен платформаларды көрсетті.