"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Пушкин және Есенин оқулары» аудандық кезеңіне қатысу

15.04.2026

Целиноград ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 15 сәуір күні шығармашыл оқушылар арасында А.С. Пушкин және С.А. Есенин оқуларының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушыларды орыс және қазақ халықтарының мәдени мұрасына баулу, әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем сөз оқу шеберлігін қалыптастыру.

Аталған байқауға мектебіміздің оқушылары Шепетько Диана, Королева Милана, Донченко Дарья қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін танытты.

Конкурс нәтижесінде Королева Милана ІІІ орынды иеленді. 

Сонымен қатар байқаудың әділқазылар алқасының құрамында мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асимжанова Алина Нурлановна төрелік етіп, қатысушылардың өнерін әділ бағалауға өз үлесін қосты.

Мектебіміз үшін бұл байқау оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіндік болды.

Бұйрық /public/files/2026/4/15/150426_125828_prikaz-raionnye-chteniya-2026-1.pdf    /public/files/2026/4/15/150426_125837_pushkinesenin.pdf

Нұсқаулық /public/files/2026/4/15/150426_125848_pologhenie-pushkinskih-eseninskih-chteniy-na-25-26-uch-god-1.docx

Просмотров: 220


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст