Текст
Бүгін бірінші үлкен үзілісте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.А.Дюсембаев 8-11 сыныптар арасында "Паровоз" ойынын өткізді. Ойынға 4 оқушыдан құралған топ қатысып, газеттен дайындалған шеңбердің ішіне кіріп, газетті жыртып алмай мәреге жетулері керек болды. 11-сынып оқушылары бірінші болып орындады. Екінші үлкен үзілісте көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.Т.Жуманбаева 5-6 сыныптар арасында "Пирамида" ойынын өткізілді. Ойынның шарты: бір қолымен шарды жоғары соғып тұрып, екінші қолымен қағаз стақандардан пирамида жинау. Бірінші болып аяқтаған оқушы жеңіске жетеді.