Текст
2024 жылдың 4 сәуірінде 7 "А" сыныбында қазақ тілі пәнінен аралық емтиханға дайындық үшін бақылау жұмысы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.С.Тайжанова және директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын тексере келе, жіберілген қателіктер бойынша пән мұғалімдеріне бірқатар ұсыныстар берді.