Текст
Бүгін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.У.Дахай сабақты зерттеудің бірнінші циклінің үшінші сабағын өткізді. Оған сабақты зерттеуші мұғалімдер қатысты. Олар: директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова, тарих пәнінің мұғалімі Э.Т.Капышова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.О.Сулейменова. Ботакоз Увлейханқызы зерттеу тақырыбына сәйкес бірінші және екінші сабақтың талықлауынан кейінгі тиімді деп табылған әдіс-тәсілдерді қолданды. Әр сабақ сайын оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенді қатысуы басым көріне бастады. Сабақты зерттеудің екінші циклі ІV тоқсанда жалғасын табады.