Текст
Ертеректе көшпенділер салтымен өмір сүрген қазақ халқы қыс айларында бір-бірін көре алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып көріскен екен. Осыған орай бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің бірлестігі көрісу дәстүрін балаларға көрсетіп, мән-мағынасын түсіндірді.