Мектепте 2022-2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, педагог-зерттеушілер басқарған шығармашылық топтар жұмыс жасауда. Шығармашылық топтардың негізгі міндеті, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, пәндер бойынша білім сапасын арттыру болып табылады. 2024 жылдың 30 қаңтарында шығармашылық топтың кезекті отырысы болды, 8 "А" сыныпта өткізілген зерттеу сабақтарының қорытындысына тоқталды. Зерттеу тобындағы педагогтердің сабақты бақылау барысында оқушылардың сабақта өзін-өзі реттеуі, сабаққа көңіл аударуы, берілген тапсырмаларды мұқият тыңдап, дұрыс орындауға деген ниеттері болғанын байқады. Сонымен қатар, зерттеу тобындағы оқушылар әр сабақтан соң, кері байланыс беріп отырды. Оқушылар тапсырмалар мен әдіс-тәсілдердің қызықты болғанын айтты.