Текст
Qabilet -балалардың қабілетін диагностикалау және оқушыларды кәсіптік бағдарлау жобасы. Жобаның негізгі міндеті – әр отбасына баланың қабілет деңгейін дұрыс бағалауға және оның таланттарын одан әрі оқыту және дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік беру. «Qabilet» қызметі ата-аналарға балаларының қабілеттері мен дағдыларын ашуға көмектеседі, сондай-ақ заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде баланың дамуына ықпал етеді. Мектеп психологы Л.К.Джусупова осы диагностикадан 10,11 жастағы оқушыларды тестілеуден өткізді. Нәтижесінде төмендегі оқушылар келесі кезеңге өтті. Олар 4 "Б" сынып оқушысы Дамир Габбасов және 4 "А" сынып оқушысы Мұқамбетқали Айбарыс