Текст
Бүгін директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова 6 "А" сыныбында математика және 7 "А" сыныпбында физика сабақтарына қатысты. Математика пәнінің мұғалімі Г.Р.Кикимова дарынды және үлгермеуші оқушылармен жұмысты жақсы жолға қойған. Пән бойынша жақсы есептерді шығарған, тақырыпты толық меңгерген оқушыларды топта түсіндіруге бағыттайды. Оқушылар түсінбеген сұрақтарын Салтанат, Жаннұр, Елназға қоя алды. Балалар бір-біріне түсіндіріп, есептерді бірлесе шешті. Р.Т.Сары физика пәні бойынша сабақты түсіндіреді, барлық оқушылардың сабаққа қатынасуын белсенді болуын қадағалайды. Жалпы оқушылардың жұмыс дәптерлері барлығында бар болғанымен, оқушылардың дәптерді таза, ұқыпты жазуын қадағaлауға алу қажеттілігі ескертілді.