Текст
Тарих пәнінің мұғалімі Э.Т.Капышова және жаһандық құзыреттер факультативінің мұғалімі А.К.Есбосынова 10,11 сыныптарда "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Педагогтер оқушылардың Отанға, елге және мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін арттыру мақсатында түрлі эксперименттердің нәтижесін таныстыра отырып, оқушылардың өз ойларымен толықтырды. Белгібай Дильназ, Жилкибаев Азамат және Ошақбай Олжас сияқты оқушылар өте белсенді қатысты.