Текст
Алаш арыстары туралы мектеп бағдарламасына сәйкес мұғалімдер түсіндіріп, оқытады. Дегенмен, мың рет естігеннен, бір рет көріп есте қаларлықтай әсер алу жақсы әдіс деп білетін мұғалімдер жоғары сыныптың оқушыларын "Оян, қазақ" фильміне апарып қайтты. Оқушылар фильмнен керемет әсер алғандарын, рух бергендерін жасырмады. Кейбір оқушылардың көңілдері босап, көздеріне жас алғандары да болды.