Бүгін 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық Олимпиадасының аудандық кезеңі Арайлы ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде өтті. Аудан бойынша 7-сыныпта барлығы 46 оқушы, 8-сыныпта барлығы 55 оқушы қатысты. Олимпиада сағат 10:30 да басталып 12:00 де аяқталды. Оқушылар үшін төрт кабинет дайындалды. Әр кабинетте арнайы сілтеме арқылы тікелей эфир қосылды. Сонымен қатар әр кабинетте кезекші мұғалімдер ғана болды. Олар: Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В.Ирубаева, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Асимжанова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.У.Дахай, көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.Т.Жуманбаева. Алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың ұйымдастырушысы А.М.Есілбай жалпы коридорда кезекшілік атқарды. Әділқазылар мүшелері оқушылардың жұмысын тексеріп, әділ бағасын берді, нәтижесінде облыстық олимпиадаға қатысуға төмендегі оқушылар жіберілді:
. Дубицкий Матвей
2. Тілеубеков Мейіржан
3. Рустамұлы Ералы
Оқушыларды құттықтай отырып, алдағы олимпиада жеңіс тілейміз
/public/files/2023/10/13/131023_155746_audandyk-kalalyk-kezeknn-kazylar-alkasy-otyrysynyn.pdf
/public/files/2023/10/13/131023_155758_audandyk-kalalyk-kezennn-kazylar-alkasy-otyrysynyn.pdf