Текст
Бүгін директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.Есбосынова мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес, 5 "А" сыныпта қазақ тілі пәні сабағына қатысты. Ардақ Арғынбаевна үй тапсырмасын тексеруде ауызша сұраққа жауап әдісін қолданды. Жаңа тақырыпта айтылым және жазылым дағдылары пайдаланылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалімге тақырыпты меңгеруде қиын болған оқушылар үшін жағдай жасау ұсынылды.