Текст
Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінің директорының міндетін атқарушы А.К.Есбосынова және оқытушы-ұйымдастырушы Ә.М.Есілбай төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу шеңберінде мектептегі қызметкерлерге алгоритмге сәйкес нұсқама беріліп, дабыл түймесін басып оның жұмыс істеуін тексерді. ТЖ кезіндегі мінез-құлық дағдыларын пысықтау, өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттау мақсатында өрт және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау бойынша практикалық жаттығуды оқытушы-ұйымдастырушы А.М.Есілбай өткізді.