Текст
Екінші жыл жаңа мектепте оқып отырмыз. Осы кезге дейін жаңа мектепте кабинеттің безендіру жұмыстары үшін қаражат бөлінбегендіктен, мектепте әр педагог өз еркімен, өз қаражатына безендіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетсем, биылғы оқу жылы Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Асимжанова өз қаражатына кабинетке безендіру жұмыстарын жасады. Алина Нұрлановна жас болса да, еңбектене алатын белсенді, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын педагог қатарынан. Алина Нұрлановнаның еңбегіне табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз. Мектепте Алина Нұрлановна сияқты жас педагогтер қатары тола берсін.