Бүгін дирекордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова биылғы оқу жылы жаңадан келген жас мамандар үшін "Бейімделу кезіндегі қиындықтардың алдын-алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жұмыс соңында жас мамандардан бірнеше ұсыныстар болды. Олар: кабинетте сабақты түсіндіруге, жаңа тақырыпты меңгеруге арналған компьютер мен интербелсенді тақтаның, аудиожазбаларды тыңдауға арналған колонканың болмауы; қашықтықтан сабақ беруге арналған платформада жұмыс жасауды үйретуін және күнтізбелік тақырыпты құруда көмек керектігі. Айнаш Куанышовна жас мамандардың ұсынысы осы апта аяғына дейін орындалуын қарастыратынын айтты. Сонымен қатар, жас мамандар үшін жоспарлы түрде іс- шаралармен таныстырды.
Биылғы жаңадан қабылданған жас мамандар: ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Б.У.Дахай, А.Т.Абдулаиева, А.Х.Кунглимжайев