Ата-аналар және басқа заңды өкілдерінің міндеттері:
- білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға («Білім туралы» ҚР Заңының 49-бабы, Білім және ғылым министрлігінің2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Білім беру туралы ... Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы»)
- білім беру ұйымында белгіленген бірыңғай киім үлгісін сақтауға міндетті (Мектеп Жарғысы, Мектептің ішкі тәртіп ережелері).
Қыздарға арналған мектеп формасы:
- қара- көк түсті классикалық үлгіде костюм (пиджак, жилет, белдемше, шалбар, ақ және көгілдір түсті блузкалар; қыста водолазка мен түймелері бар кардиганды ауыстыра аласыз);
- қара түсті таяқ киім (дене шынықтыру сабақтарында – кедалар мен кроссовкалар);
- мектеп формасына діни конфессиялардың элементтері кірмеуі керек (тақия, орамал және т.б.);
- рұқсат етілмейді: өсірілген лакпен боялған тырнақтар, макияж, металл зергерлік бұйымдар.
Ер балаларға арналған мектеп формасы:
- қара-көк түсті классикалық үлгідегі костюм (пиджак, жилет, тобықты жауып тұратын шалбар, ақ және көгілдір жейделер);
- мектеп формасы діни конфессияның элементтерін қамтымауы керек (тақия, қысқа шалбар және т.б.);
- аяқ киім - классикалық үлгіде аяқ киім (қыста ауыстырылатын аяқ киім), дене шынықтыру сабақтарында - кедадар мен кроссовкалар.