Құрметті ата-аналар, Арайлы ауылының тұрғындары!
Елімізде жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізіледі, оның мақсаты аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларын оқу жылының басталуына дайындыққа қолдау көрсету және балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармаудың алдын алу болып табылады.
Аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың мәселелеріне бейжай қарамайтын кәсіпкерлерді және барша тұрғындарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Елімізде аз қамтылған отбасынан шыққан ондаған мың мектеп оқушылары бар. Олардың, әсіресе, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан ата-анасыз қалған балаларды мектепке дайындауға көмектесеміз.
Белгілі бір балаға қайырымдылық көмек көрсетемін деушілер мына телефон арқылы ақпарат ала алады: 8(71651) 93-225
Білім басқармасында мұқтаж балалар туралы мәліметтер базасы орналасқан
Барлық балаларға мектепке жол табуға көмектесейік!