Текст
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын жақсы мереке. Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бүгін Арайлы ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде де өзара ынтымақтастықта, тату-тәтті өмір сүруп жатқанымызды көрсете отырып, одан сайын достығымыз жарассын деген ынтамен мерекелік концерт өтті. Оған 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Концертте балалар түрлі ұлт өкілдерінің киімдері мен тағамдары және өнерін көрсетті.