Бүгін Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде "Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас" тақырыбында Ақмола облысы жас мамандарының форумы өтті. Бұл форумға Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінен үш мұғалім қатысып, тәжірбие алмасты. Олар: көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жуманбаева Сабира Турсынбековна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асимжанова Алина Нурлановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Иурбаева Анастасия Валерьевна. Алина Нурлановна заманауи технологиялар тақырыбында өз жұмысымен бөлісті. Сабира Тұрсынбековна жүннен заттар жасау технологиясын көрсетті. Семинар соңында мұғалімдер қатысқаны үшін сертификатталды.
/public/files/2023/4/26/260423_135320_forum-bagdarlamasy-260423.docx