"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Екі жұлдыз" байқауы.

14.04.2023

Бүгін эстетикалық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің апталығының жабылуы қарсаңында "Екі жұлдыз" байқауы өткізілді. Оған М.Е.Сагындыкова, Р.Т.Сары, А.А.Тузелова, М.К.Буланова, А.К.Маханбетова, А.Дауренбекова, Н.Кенес оқушылармен бірге ән салып, би билеп, өз шығармашылықтарын паш етті. Нәтижесінде бас жүлдені ағылшын тілінің мұғалімі Марал Каримовна мен 7 "А" сынып оқушысы Елемесова Диляра, бірінші орынды физика пәнінің мұғалімі Р.Т.Сары мен 10 "А" сынып оқушысы Жансая, екінші орынды мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі М.Е.Сагындыкова мен даярлық тобының тәрбиеленушісі Алиева Айару,  үшінші орынды бастауыш сыныптың мұғалімі Н.Кенес және 3 "Б" сынып оқушысы Жакупбекова Ариана,  "Көрермен көзайымы" номинациясын тарих пәнінің мұғалімі А.А.Тузелова мен 6 "А" сынып оқушысы Байдулла Қуанай, "Ең креативті жұп" номинациясын мектептің тәлімгері А.К.Дауренбекова, "Шығармашыл жұп" номинциясын бастауыш сынып мұғалімі А.К.Маханбетова және 3 "А" сынып оқушысы Жақан Алаш жеңіп алды. 

Просмотров: 1187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст