Текст
Бастауыш сыныптарда мектептің тәлімгері А.Қ.Дауренбекова халықаралық құстар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды. Балалар құстарға ұя жасап, далаға ағашқа іліп, өз жұмыстарына тамсанды. Халықаралық құстар күнінің мақсаты-құстар саны мен саналуандығын сақтап қалу. Мереке 1894 жылы АҚШ-та пайда болды. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында барлық штаттар мен Еуропаға тараған. Қазір ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» атты биологиялық бағдарламасының аясында аталып өтеді. Бұл күні құстардың барлық түрін қорғау, құстарды көбейту қорықтарын құру және экологиялық білім беру мәселелері көтеріледі. Қазіргі ТМД елдерінде бұл күн 1927 жылы алғаш рет тойланды деп саналады.