Текст
Наурыздың 3 күні мұғалімдердің тақырыптық отырысы өтті. Төмендегі сұрақтар аясында талқылау өткізілді. 1. Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастықты жоспарлау. 2. Алдағы эстетикалық пәндер бірлестігін жоспарлау. 3. Аудандық тарих пәні мұғалімдерінің тәжірбие алмасу семинарын жоспарлау. 4. Оқушылардың негізгі пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсатындағы қосымша жұмыстардың өтуін бақылау. Отырыс соңында мектеп директоры М.Д.Нургалиева БАҚ та өз жұмыстарын жариялаған химия, биология пәнінің мұғалімдері О.А.Айтжанова, Б.М.Қуанышбаеваны және аудандық дебатты өткізген тарих пәнінің мұғалімі Э.Т.Капышеваны марапаттады.