Мектептегі математикалық және жаратылыстану білімінің сапасын халықаралық мониторингтік зерттеу TIMSS (ағылш. TIMSS — Trends in Mathematics and Science Study) - IEA халықаралық оқу жетістіктерін бағалау қауымдастығы ұйымдастырған бағдарлама. Бұл зерттеуге қатысу мақсатында 4-сынып пен 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану білімінің деңгейі мен сапасын жоғарылату үшін мектепте дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін оқушылардың толығымен компьютерді қолдану дағдыларын тексеру мақсатында байқау тестілеуі өтті. Жалпы зерттеуге қатысатын оқушылардың 45-і 4-сыныпта оқыса, 41-і 8 сыныпта білім алады. Нурмағанбетова Жансулу мен Мұхтар Дінмұхамбет Балқаш қаласындағы демалыс лагерінде демалуда. Жалпы оқушыларға бұл зерттеудің мақсаты мен үлгі ретінде тестілеулер таныстырылды. Пән мұғалімдері қиын тақырыптар мен оқушылардың түсінбеген тақырыптары бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыруда. Мектеп әкімшілігі жоспарға сәйкес іс-шараларды ұйымдастырып, бақылауда ұстауда.