Текст
Бүгін 5 "а" сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Асимжанова "Дені саудың -жаны сау" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Алина Нұрлановна сабаққа өте жоғары деңгейде дайындалған, әр тапсырмаға көрнекіліктер дайындаған. Қайталау сабағы болғандықтан кітаптан жаттығу орындалмады дегенімен дәптерде де, тақтада да жазу жұмыстары орындалды. Оқушылардың барлығы жұмыс жасады. Сабақ соңында кері байланыс өткізіліп, өзін-өзі бағалау парақтарын толтырды.