Құрметті педагогтер!
👆Педагогтердің білімін бағалаудың жаңа форматына сәйкес шекті балдар да өзгерді. Осыған байланысты сіздерге ПББ-ның шекті балдары туралы ақпарат ұсынамыз.
💡МАҢЫЗДЫ:
✅ПББ-ның (орта білім беру ұйымдары үшін) құрылымы 2 блоктан және барлығы 50 тест тапсырмасынан тұрады:
✔️1 блок «Пәндік білім» – 30 тапсырма;
✔️2 блок «Оқыту әдістемесі» – 20 тапсырма.
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭССЕ ТУРАЛЫ
👩🏻🏫2023 жылғы Педагогтердің білімін бағалауда тек БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТҚАН ПЕДАГОГТЕР ЭССЕ жазады.
💼Яғни СІЗДІҢ қазіргі таңда жұмысыңыз бар болса, онда ЭССЕ ЖАЗАСЫЗ.
❓СҰРАҚ: Қашан жазамын?
✅ЖАУАП: Тестілеу аяқталғаннан кейін бірден дәл сол компьютерде жазасыз.
❓СҰРАҚ: Қай тілде жазамын?
✅ЖАУАП: Тестілеуді тапсырған тілде.
👆АЛ ЭССЕНІ ЖАЗБАЙДЫ:
❌ жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкер – жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі (БАКАЛАВРИАТ НЕМЕСЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕГІ);
❌қызметі жоқ қызметкер – техникалық немесе кәсіптік білім беру ұйымының түлегі (КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІ);
❌педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін адам (БҰРЫН ЖҰМЫС ІСТЕП, КЕЙІН БЕЛГІЛІ СЕБЕПТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕГЕН, БІРАҚ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫСҚА ТҰРҒЫСЫ КЕЛЕТІН ТҰЛҒА);
❌Білім беру ұйымдарының басшылары.
⏰Эссенің жалпы уақыты – 60 минут.
💡Сөз саны – 250-300 сөз.
❗️Эссе бағаланбайды және педагогке біліктілік санатын бермеуге негіз бола алмайды.
💻Жазылған эссе педагогтің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетіне жіберіледі.