"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық пікірталас турнирі өтті.

15.03.2023

Бүгін біздің мектепте аудандық "Қош келдің, әз-Наурыз!" атты пікірталас турнирі өтті. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың  «Дебат қозғалыстары» жобасын іске асыру мақсатында өткізілген дебатта 7,8 және 9,11 сыныптардан құралған командалар пікірталасқа қатысты. Төрешілер жетекшілер арасынан сайланды.   Пікірталасқа барлығы 9 мектептен 10 команда қатысты. Нәтижесінде 9,11 сыныптар аралығында фракция командаларының ішінен Тасты ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің командасы І орын, Қажмұқан ауылының және Арайлы ауылының  жалпы білім беретін мектебінің командасы ІІ орын, ІІІ орынды Арайлы ауылының мектебі иеленді. 7,8 сыныптар аралығында жүлделі орындар төмендегідей болды:
І орын Қараменді ауылының жалпы білім беретін орта мектебі.
ІІ орын Ынтымақ ауылының жалпы білім беретін орта мектебі.
ІІІ орын Арайлы  ауылының жалпы білім беретін орта мектебі.
Ақмешіт, Жаңаесіл, Төңкеріс ауылының жалпы білім беретін орта мектептерінің қатысушылары белсенділігі үшін марапатталды. Сонымен қатар, дебаттың жетекшілері,  Э.Т.Капышева, А.К.Дүйсенбаева, Г.Шаханбаева, Н.М.Аманжолова, С.Сүйінбай,  Ф.Б.Құспанов,  Ж.Ш.Едрес, Г.Нурманова, С.Балмаганбетов оқушыларды дайындағаны үшін марапатталды. Оқушылар мен жетекшілеріне алғыс айта отырып, алдағы пікірталаста жеңістер тілейміз. 

    

 

Просмотров: 669


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст