Бүгін аудандық тарих пәні мұғалімдерінің семинары өтті. Оған тарих пәнінің мұғалімі А.А.Тузелова қатысып, тәжірбие алмасты. "Кенесары ханның туғанына 220 жыл" тақырыбындағы семинардың негізгі мақсаты: Кенесары ханның ұлт үшін, елі үшін жасаған ерліктерін оқушыларға жеткізу. Жас ұрпаққа халық батырының қаһарманы Кенесары Қасымұлы тұлғасын жан-жақты көрсетіп, ата-бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып, оқушылардың бойына туған елге деген сүйіспеншілігінін арттыру, патриоттық, ынтымаққа тәрбиелеу. Семинар барысында ашық сабақтар өтті және мектептің мұражайына саяхат жасады. Сонымен қатар Еуразия ұлттық университетінің тарих пәнінің ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылды. Айнур Алимбаевнаға семинардан алған тәжірбиесімен өз ұжымында бөлісу ұсынылады.