Текст
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, қателіктері болса, кешірім сұрап, кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бүгін көрісу мейрамын мектептің басшысы М.Д.Нургалиева мен үлгілі, тәжірбиелі ұстаз Л.Ж.Жакенова балаларға көрісу рәсімін жасап, көрсетті. Үлкендерден көргенін ертеңгі күні, жастарымыз жалғастырады деген үміттеміз.