Мұғалім – шәкіртке үлгі болып өмір жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп және бағдар сілтеуші баланы адамгершілік, ақыл-ой, еңбек сүйіштікке, сұлулыққа және сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Мәдениет ақыл-ойдың кеңдігі жалпы адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Сөйлеу мәдениетіне жетпейінше ақыл-ой мәдениетіне жету қиын екенін жақсы білеміз. Біздің мектепте математика пәнінің мұғалімі ғана емес, сауатты да, мәдениетті тәжірбиелі, үлгілі педагог Кикимова Гульнар Рашидовна қызмет етіп келеді. Бүгін Гульнар Рашидовнаны 60-жас мерейтойымен әріптестері мен мектеп әкімшілігі құттықтады. Ол өз сөзінде: "өмірдегі ең қымбат сыйлық, ең қуанышты кез ол -өзің оқытып, білім берген шәкірттеріңнің құттықтауы"- деді. Гульнар Рашидовнаны құттықтай отырып, әлемдегі барлық жақсылықты тілейміз.