Текст
Бүгін 5 "А"- сыныптың жетекшісі А.В.Ирубаева ата-аналар жиналысын өткізді. Анастасия Валерьевна ата-аналарға білім алушылардың білім сапасы, өткен пәндер олимпиадасы және іс- шаралар туралы ақпарат берді. Ата-аналардың бір бірімен таныстығын жақсарту мақсатында тренинг өткізді. Алда атқарылатын іс- шаралармен таныстырды. Жиналысты қорытындылай келе, сынып сағаттарына ата-аналардың қатысуына, жыл бойына өткізілетін іс-шараларда оқушыларды бөліп қатыстыру және оқушылар арасында буллингтің алдын- алу мақсатында балалармен әңгімелесу өткізу ұсынылды.