Биология пәнінің мұғалімі О.А.Айтжанова "Үздік мұғалім методикасы" атты республикалық ғылыми-танымдық, педагогикалық журналына "Жауынқұрттың, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу "Адамның, сиырдың және жауынқұртының асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру" тақырыбында сабағын жариялап, сертификат алды.
Орынбасар Арыстановна халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған "Білім үздігі-2022" атты І республикалық байқауына қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін І орын дипломымен, "заманауи педагогикалық технологиялардың дамуы" атты ІІ республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясына қатысқаны үшін диплом және халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен "Мың бала" интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен "Пед старт-2023" атты шығармашылық байқауына қатысып, үздік нәтиже үшін І орын дипломымен марапатталды. Орынбасар Арыстановна, өзінің шығармашылығымен көзге түсіп жүрген білімді ұстаз қатарынан.