Текст
Бүгін 8 "А" сыныбында Lesson Study (сабақты зерттеу) сабағының алғашқысы өтті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.А.Рзгазиева "Уақытты қадірлеу-жасөсіпірім үшін заңдылық" тақырыбында қосымша мәліметтер бере отырып, оқушылардың бір күнде жасайтын іс-әрекеттерінің өзі үшін тиімді болуын ескертті. Оқушылар сабақта топта жұмыс жасап, өздерін өзі бағалау парақтарында бағалап отырды. Сабақтың мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес келеді. Балалар топта берілген тақырыптары бойынша мәтінді оқып, сөйлем мүшелеріне талдады, тақтада қорғады. Ардақ Арғынбаевна оқушылардың топтағы және жеке жұмыстарына кері байланыс және бағыт-бағдар беріп отырды. Сабақты зерттеуге қатысқан мұғалімдер өз функцияларын орындады.