"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру!

27.02.2023

ХАТ ЖАЗЫП, 2 МЛН ТЕҢГЕ ҰТЫП АЛ!

Құрметті қаламгер! Сіз үшін арнайы сайыс ұйымдастырып отырмыз. Сіз секілді жас жазушыларға шабыт сыйлап, талантын ұштағымыз келеді. «ЖАС ҚАЛАМГЕР» сайысына қатысыңыз, жүлде қоры: 2 000 000 тг. Бұл жазбалар жинақ боп шығады. 
 
Сайыс атауы: «ЕҢ ҚАДІРЛІ ЖАНҒА ХАТ». Әкеге, анаға, бауырға, ұстазға, тұлғаға, досқа т.б. хат жазу қажет. Эссе, әңгіме т.б. жазбаша жұмыстар қабылданбайды. 
 
Сайысқа 9-11 сынып оқушылары. 
Сайыс уақыты: 30 ақпан – 21 наурыз аралығы. 
 
Жүлделі орындар: 
Оқушылар үшін: 
Бас жүлде 300 000 тг бір адамға; 
1-орын 200 000 тг бір адамға; 
2-орын 100 000 тг екі адамға; 
3-орын 50 000 тг төрт адамға; 
Ынталандыру сыйлығы 20 000 тг бес адамға. 
 
Сайыстың шарттары: 
1) Бұрын жарияланбаған, сайысқа түспеген шығарма болуға тиіс. 
2) Бір немесе бірнеше шығарма жазуға болады. 
3) Шығарманың көлемі емес, мазмұны маңызды. 
4) Word бағдарламасында жазылуы керек. Аты-жөніңізді жазыңыз және хаттың соңына да аты-жөні мен телефон нөмір жазуды ұмытпаңыз. Мысалы, Самат Маратұлы.doc 
5) Еңбекті tuganjer@gmail.com почтасына жіберу қажет. Сайысқа қатысты сұрақтарды да осы почтаға жазу қажет. 
6) Шығарманың авторлық құқығы қатысушы мен ұйымдастырушыға ортақ. Жинақ боп шыққанда ұйымдастырушының меншігіне айналады. Шығармаға қаламақы төленбейді. 
Марапаттау уақытын телеграм каналда хабарлаймыз. 

Ұйымдастырушы: Kitapal компаниясы және «Шабыт» жастар клубы 
 
Біздің телеграм каналымызға https://t.me/kitapall жазылыңыз. Каналымызға алдыңғы сайыстағы ең үздік деп танылған хаттар топтамасын салып отырмыз. Олармен танысып, осы үлгіде өзіңіз қалаған хат жазып, бізге жолдаңыз. 
 
Алдыңғы сайыста мына тақырыптарға да хаттар жазылды: 
Өзіме хат 
Болашақтағы өзіме хат 
Ұлт ұрпақтарына 
Болашаққа қалдырған жазбам 
Болашақ жарыма хат! 
Аңыз адамға хат 
Жолданбай қалған соңғы хат 
Жауапсыз хат 
Сол бір жанға

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст