"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Арайлы ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села  Арайлы отдела образования  по Целиноградскому  району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Біз әлеуметтік желідеміз.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы. 8 "А" сыныбы.

24.02.2023

Бүгін 8 "А" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналысқа  20 оқушының 8 ата-ана және 5 мұғалім қатысты.

Қаралған негізгі тақырыптар мыналар:

1. Сабақты зерттеу (Lesson Stаdy) туралы ақпарат беру, ата-аналaрдың фото, бейне түсірілім үшін келісім алу.

2. TIMSS халықаралық зерттеуі туралы түсінік беру.

Математика (алгебра, геометрия), жаратылыстану (биология, химия, физика, география) пәндері бойынша зерттеуге қатысуға дайындық. 

3. Оқушылардың ағымдағы пәндер бойынша оқу үлгерімі. 

Бірінші және екінші сұрақ бойынша директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары А.К.Есбосынова сөз сөйледі. Үшінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі А.Т.Рамазанова жиналысқа қатысқан оқушылардың  оқу үлгерімі туралы ақпарат берді.  Сонымен қатар биология пәнінің мұғалімі О.А.Айтжанова мен химия пәнінің мұғалімі Б.М.Қуанышбаева пәндер бойынша тоқсандық, бөлім бойынша өткізілген жиынтық бағалаудың қорытындысына тоқталды.  Информатика пәнінің мұғалімі К.А.Жумадильдин quizizz  платформасында пәндер бойынша дайындық жасаудың түрлерін көрсетіп, таныстырды. 

Жалпы жиналыстағы сұрақтарды талқылай келе, мынандай шешім қабылданды:

1. Ата-аналар,  баласының үй тапсырмасын уақытылы орындауын қадағалау.    

2. Міндетті сабақтардан кейін оқушыларды 1 сабақ (30-40 минутқа) қосымша дайындық үшін қалдыру.

3. Сынып жетекшісі А.Т.Рамазанова сыныпқа қатысты өзгерістер мен БЖБ, ТЖБ уақыттарын алдын-ала ата-аналар чатына  жазып отыру. 

Сонымен бірге оқушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында байқау жариялады:

1. Ең  үздік оқушы.

2 . Ең тәртіпті оқушы.

3. Ең сабақтан қалмайтын оқушы.

4. Үй жұмысын жиі және дұрыс  орындайтын оқушы.

Байқауды ашық деп жариялаймыз!

Жыл соңында  баласы үшін ата-ана марапатталатын болады.

 

 

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст